Үкімет • Бүгін, 18:52

Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Риддер қаласының жылу инфрақұрылымын жаңартуға шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Қаражат елді мекенді жылумен қамту сенімділігін арттыруға бағытталып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет Риддердегі жылу желілерін жөндеуге 1,8 млрд теңге бөлді

Фото: primeminister.kz

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаржы жылу желілері мен жылу электр орталығының жабдықтарын жөндеуге жұмсалады. Атап айтқанда, жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесін қалпына келтіру, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті

Мамандар жүргізген техникалық тексеру нәтижелері жөндеу жұмыстарының қажеттілігін толық растаған. Зерттеу барысында жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жаңартуды қажет ететін учаскелер мен жабдықтар анықталды. Өткен жылыту маусымы кезінде жекелеген нысандарда ақаулар мен тозу белгілері тіркеліп, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажет екені белгілі болды.

Жоспарланған жұмыстарды іске асыру 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, қала тұрғындарын жылумен қамту сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Риддердегі жылу жүйесінің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, инфрақұрылымның сенімділігі айтарлықтай жақсарады.

Қазақстан криптохабқа айналады: Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді

Соңғы жаңалықтар