Фото: Жи көмегімен жасалған
Scientific American басылымының мәліметінше, бұл жаңалық сан теориясындағы атақты математик Пол Эрдёштің «примитивті жиындарға» қатысты гипотезасына негізделген. Примитивті жиын – бұл бүтін сандардың жиынтығы, онда ешбір сан екіншісіне бөлінбейді. Эрдёш мұндай жиындар үшін белгілі бір математикалық қосынды сандар диапазоны ұлғайған сайын бірге (1) ұмтылатынын болжаған.
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Математикалық білімі жоқ Лиам Прайс нейрожеліге тапсырманы енгізіп, бұрын-соңды қолданылмаған әдісті алған. ChatGPT бұл мәселені шешу үшін математиканың басқа салаларындағы әдістерді ұштастырып, стандартты емес дәлелдеме ұсынған. Бұл идея бірден кәсіби математиктерді қызықтырған. Алғашқы нұсқа аздаған түзетулерді қажет еткенімен, негізгі логикалық тізбек дұрыс болып шықты.
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің профессоры, танымал математик Теренс Тао бұл тәсілді жоғары бағалаған Оның пікірінше, ЖИ ұсынған бұл әдіс тек осы гипотезамен шектелмей, сан теориясындағы басқа да кең ауқымды есептерді шешуге жол ашуы мүмкін. Кейбір сарапшылар бұл жаңалықты «психологиялық кедергіні бұзып өту» деп атады.