Фото: Ашық дереккөз
Оқиға биылғы жылдың 27 ақпанында Қызылжар ауданының Бескөл ауылында болған. Сот материалдарына сүйенсек, мас күйінде келген танысын үйінен қуып шыға алмаған сотталушы оның желке тұсынан балтамен екі рет соққы берген. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Қылмысын жасыру үшін әйел едендегі қан іздерін жуып, мәйітті жатын бөлмедегі төсектің астына тығып қойған. Күдікті бірнеше күн бойы мәйіт жатқан үйде ұйықтап, жұмысына барып, көршілерімен емін-еркін араласып жүрген. Тіпті, полицейлер үйіне іздеп келгенде де сыр бермеген. Тек бөлмедегі жағымсыз иіс қана қылмыстың бетін ашты.
Сотталушы өзінің әрекетін «тек қорқытқым келді» деп ақтауға тырысқанымен, сот оның бұрын да кісі өлтіргені үшін сотталғанын ескерген. Оның әрекетінде қылмыстың қауіпті рецидиві анықталған.
Нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. Сондай-ақ сотталушыға жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделу тағайындалды.
Мәйітті жылдар бойы жасырған: Майқайыңдағы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Үкім заңды күшіне енген жоқ.