Фото: Ашық дереккөз
Астанада күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C жылы.
Алматыда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C жылы.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде +11...+13°C, күндіз +27...+29°C.
Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +13...+15°C жылы.
Атырауда жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +14...+16°C жылы.
Оралда жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Күндіз салқын, +9...+11°C.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз ауа райы болжанған, күндіз +12...+14°C жылы.
Петропавл мен Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Петропавлда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз +18...+24°C жылы.
Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз +14...+16°C.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, күндіз +23...+25°C.
Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +25...+27°C.
Павлодарда күн ашық, күндіз +26...+28°C.
Қызылорда мен Түркістанда күн ыстық, термометр бағаны +30...+32°C дейін көтеріледі.
Таразда күн ашық, күндіз +27...+29°C.
Қонаевта күндіз +23...+25°C, Талдықорғанда +24...+26°C.
Семей мен Өскеменде жауын-шашынсыз, күндіз +20...+23°C жылы болады.