Қазақстан • Бүгін, 11:47

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар сұранысының артуына байланысты Астана және Ақтау бағыттарындағы бірқатар рейстер жиілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

Фото: Ашық дереккөз

FlyArystan компаниясы 2026 жылдың жазғы маусымында ішкі рейстер санын арттыратынын жеткізді. Осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізіледі:

  • 1 маусым мен 31 тамыз аралығында АстанаШымкент бағыты бойынша рейстер саны кей күндері күніне 4 рейске дейін көбейтіледі.
  • 6 маусым мен 29 тамыз аралығында АстанаҚызылорда бағытында рейстер саны кей күндері күніне 2 рейске дейін артады.
  • АқтауШымкент бағыты бойынша қосымша кері рейстер енгізіледі.
  • АқтауАқтөбе бағытына қосымша рейс күні қосылады.

Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

Авиабилеттер әуе компаниясының ресми сайты, мобильді қосымшасы және басқа сату арналары арқылы қолжетімді. Базалық тарифке 7 кг-ға дейінгі қол жүгін және борттағы орынның автоматты тағайындалуы кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55