Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жаңа өзгерістерді түсіндірді.
Оның айтуынша, бұған дейін азаматтардың белгілі бір қарызы, мысалы айыппұл болған жағдайда, банктер бүкіл шотты бұғаттап келген. Енді бұл тәртіп қайта қаралып, жеке сот орындаушысы тек қарыз сомасына ғана шектеу қоя алады.
«Азаматтардың бүкіл шоты бұдан былай бұғатталмайды. Біз бұл жүйені банктермен бірлесіп жетілдіріп жатырмыз, тиісті хаттар жолданды. Жақын уақытта бұл тетік іске қосылады», деді вице-министр.
Айта кетейік, бұл норма 2023 жылдан бері талқыланып келген. Сонымен қатар, бұған дейін азаматтардың салық бойынша 86,5 мың теңгеден асатын берешегі болса, шоттарына шектеу қойылатыны хабарланған еді.