Президент • Бүгін, 20:59

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметінің сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін жеткізді.

«Екіжақты саяси-экономикалық байланыстарымыз нығайып келе жатыр. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын. Ұлы мәртебелі Сұлтанның Астанаға сапармен келуін күтеміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорда

Премьер-министрдің орынбасары қонақжайлықпен қарсы алған Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Оман тарапы мемлекетаралық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады

«Қазақстан – өте әсем әрі мәдени мұраға бай ел. Сізге Ұлы мәртебелі Сұлтанның сәлемін жеткізу мен үшін үлкен құрмет. Өзіңізге мәлім, екі елдің қарым-қатынасы 1992 жылдан бастау алады. Осылайша, Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнаттық. Бізді барлық бағытты, соның ішінде мәдениет, сауда, экономика және туризм салаларын қамтыған тығыз ықпалдастық байланыстырады. Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз», деді Зиязин бен Хайсам Әл Саид.

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте бауырлас Оман халқын қолдайтынын тағы да атап өтті.

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударылды.

Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады

Соңғы жаңалықтар