Оның айтуынша, елімізде жұқпалы ауруларға қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген. Мәселен, соңғы 50 жылда иммундау нәресте өлімін шамамен 40 пайызға азайтқан. Ал паротитпен сырқаттану деңгейі 12 194 жағдайдан 1 жағдайға дейін төмендеген. Гепатит А ауруы 80 еседен астам, гепатит В 94 еседен көп, ал қызамық 180 еседен артық азайған. Сонымен қатар полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген.
Қазіргі таңда иммундау бағдарламасы 21 жұқпалы ауруға қарсы вакцинаны қамтиды. Балаларға арналған вакциналардың сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатымен расталған.
Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Соған қарамастан, мамандар халық арасында жұқпалы аурулардың қаншалықты ауыр өтетінін ұмыту үрдісі байқалып отырғанын айтады. Соның салдарынан вакцинадан бас тарту көбейген. 2025 жылы елімізде 25 мыңнан астам екпеден бас тарту фактісі тіркелген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 3,5 есе көп.
Соңғы үш жылда қызылша мен көкжөтел ауруларының өршуі байқалады. Мамандардың дерегінше, қызылшамен ауырғандардың 75 пайыздан астамы, ал көкжөтелмен ауырғандардың 89 пайызға жуығы екпе алмаған балалар.
Денсаулық сақтау саласының өкілдері мұндай үрдіс ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне әкелуі мүмкін екенін ескертіп, екпенің маңызын атап өтті.
Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді
Сондай-ақ екпе туралы ресми әрі нақты ақпаратты egu.kz сайтынан және 7701 жедел желісі арқылы алуға болатыны хабарланды.