Ауыр жарақат алған 20 жастағы Әнуар Мұсаев оқиға орнында көз жұмған. Жақындарының сөзінше, ол Алматы қаласының тұрғыны болған, ал күдіктілер Жаркент қаласынан келген.
Туыстары бастапқыда құқық қорғау органдары тек бір адамды ұстады деп мәлімдеген. Алайда полиция бірнеше күдіктінің қолға түскенін хабарлады.
Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Ернар Сәйділдиннің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы негізгі күдікті ұсталып, қамауға алынған.
Сонымен қатар бұзақылық дерегі бойынша тағы үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот шешімімен олардың екеуіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ал кәмелетке толмаған күдіктіге қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес шара қолданылған.
Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығы: Учаскелік инспекторға үкім шықты
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жалғасып жатыр.