Сауда • Бүгін, 13:21

Базарларда 80-нен аса делдалдық схема анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Қарағанды қаласына жұмыс сапары барысында көтерме және әмбебап базарларды аралап, бизнес өкілдерімен, базар иелерімен кездесу өткізді. Кездесулер барысында базарларда бірқатар делдалдық схема анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Базарларда 80-нен аса делдалдық схема анықталды

Зерделеу барысында Қарағанды облысында − 41, Ұлытау облысында − 44 өнімсіз делдал анықталып, олар сауда тізбегінен шығарылған. Ведомство мәліметінше, базарларда барлық келісімшарттар мен төлемдер арнайы ақпараттық жүйе арқылы жүргізілуі міндеттеліп отыр. Бұл делдалдық схемаларды азайтып, саудадағы ашықтықты арттыруға бағытталған. 

Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді

«Мемлекеттік кірістер, ішкі істер, монополияға қарсы орган және сауда департаменті сауда тізбегін ретке келтіруі тиіс. Өңірлерді аралау барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей сауда жасап отырғандар бар екенін көрдік. Делдалдық схемалар ашық жүріп жатыр, соған көз жұма қарауға болмайды», деді Ернұр Жәутікбаев.

Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді

Комитет төрағасының айтуынша, өңірлерде базарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарағандыдағы «Горняк» базары 500 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау арқылы жаңартылып жатыр.

Жалпы сауда саласын қолдау аясында 458 жоба субсидияланып, биыл бұл бағытқа 10 миллиард теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар