Экология • Бүгін, 20:50

26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммиті қорытындысы бойынша 26 наурыз Арал теңізі, сондай-ақ Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді

Кеңес отырысында Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Сердар Бердымухамедов, Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі. Сондай-ақ қордың Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай баяндама жасады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорындағы төрағалығының барысы туралы;

– Қор президентін сайлау туралы;

– Құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана декларациясы.

Соңғы жаңалықтар