Тегеран конвенциясының уақытша хатшылығының үйлестірушісі Махир Алиевтің айтуынша, Каспий теңізінің деңгейі қарқынды түрде төмендеп барады. Кейбір ғылыми болжамдар бойынша, ғасыр соңына қарай теңіз деңгейі 8-21 метрге дейін түсуі мүмкін.
«Теңіз деңгейінің катастрофалық төмендеуі байқалып отыр. Бұл – назар аударуды қажет ететін өте алаңдатарлық мәселе», деді ол.
Тегеран конвенциясы – Каспий маңы мемлекеттері (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан) арасындағы экологиялық ынтымақтастықты реттейтін көпжақты келісім. Құжатқа 2003 жылы 4 қарашада Тегеранда қол қойылған.
Мамандардың айтуынша, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі тек экожүйеге ғана емес, балық шаруашылығы, көлік логистикасы және жағалау инфрақұрылымына да елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды