Фото: ашық дереккөз
Кітап – адамзат өркениетінің ең асыл мұрасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа білім мен тәжірибені жеткізіп, сананы қалыптастырады. Қазіргі цифрлық дәуірде ақпараттың қолжетімділігі артқанымен, кітаптың маңызы кеміген жоқ. Керісінше, терең ой мен сапалы білім іздеген жан үшін кітап – таптырмас құрал.
Ұлттық кітап күні аясында еліміздің түкпір-түкпірінде кітап көрмелері, авторлармен кездесулер, әдеби кештер мен оқырмандарға арналған байқаулар сияқты түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Осының барлығы халықтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Аида Балаева: Кітап оқуға қызығушылық тұрақты түрде артып келеді
Мамандардың айтуынша, кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, тіл байлығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытады. Әсіресе, жас ұрпақты кітап оқуға баулу болашақтың сапалы білімді әрі бәсекеге қабілетті болуына негіз қалайды.
Ұлттық кітап күні – тек мереке ғана емес, әр адамға ой салатын ерекше мүмкіндік. Бұл күн әрбірімізді кітапқа жақын болуға, рухани дамуға тағы бір қадам жасауға үндейді.