Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Лондондағы ICE биржасындағы сауда деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 5,40 пайызға өсіп, барреліне 103 доллардан асты.
Сондай-ақ, WTI маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері 5,64 пайызға қымбаттап, барреліне 94,73 долларды құрады.Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың шиеленісуі әсер етіп отыр. Бұған дейін Дональд Трамп Иранмен арадағы уақытша бітімді ұзарту туралы мәлімдегенімен, теңіз блокадасы сақталған.
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Осылайша нарықтағы жеткізілім тәуекелдері мұнай бағасының өсуіне негізгі фактор ретінде ықпал етіп отыр.