Президент • Бүгін, 09:29

Президент отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтырдан бастап елімізде 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде атап өтіліп келеді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Президент қоғамдағы оқу мәдениетінің маңыздылығына ерекше тоқталып, кітаптың қандай заманда да рухани құндылықтардың негізгі қайнар көзі болып қала беретінін атап өтті.
«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында.
 

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.

Соңғы жаңалықтар