Әлем • Бүгін, 20:47

Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін референдумға шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қырғызстанда АЭС құрылысы референдумға шығарылуы мүмкін

Министрлер кабинетінің бірінші орынбасары Данияр Амангелдиевтің айтуынша, АЭС мәселесі елдің энергетика саласының болашағымен тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде нақты құрылыс емес, дайындық жұмыстары — қажетті инфрақұрылымды дамыту және мамандарды даярлау туралы сөз болып отыр.

«Біз «Росатоммен» инфрақұрылым құру және кадрларды даярлау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Тек осыдан кейін ғана құрылыс мәселесін қарастыруға болады», деді ол.

Данияр Амангелдиев түпкілікті шешім азаматтардың қатысуымен қабылданатынын атап өтті. Бұл мәселені референдумға шығару жоспарланып отыр.

Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады

«Біз халықпен ақылдасамыз. Заман ағымына сай жүреміз бе, жоқ па бірге шешеміз», деді ол.

Осы тұрғыда Қырғызстан Қазақстанның жолын қайталауы мүмкін. Қазақстанда 2024 жылы АЭС құрылысына қатысты референдум өтіп, азаматтар станция салуды қолдаған еді. Елдегі алғашқы АЭС-тің бас мердігері ретінде «Росатом» таңдалған.

Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады

Егер референдум өткізу туралы шешім қабылданса, бұл Қырғызстанның алдағы жылдарға арналған энергетикалық стратегиясындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Соңғы жаңалықтар