Алматы • Бүгін, 14:30

Алматы облысында жол опырылды: Қозғалыс уақытша шектелді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 11:30 шамасында «Кеген – Нарынқол» республикалық маңызы бар автожолының 20-шақырымында еріген қар суының өтуі кезінде қолданыстағы су өткізу құбыры зақымдалып, жол опырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жол опырылды: Қозғалыс уақытша шектелді

Жол қозғалысы уақытша шектелді. Көлік қозғалысы грунт жол арқылы ұйымдастырылған. Қазіргі жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Оқиға орнында шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Жақын уақытта қиыршық тас төселген уақытша айналма жол салу жоспарлануда. Ал су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың ағуы толық аяқталғаннан кейін басталады.

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді

Бұл учаскедегі көлік ағыны тәулігіне шамамен 500 автокөлікті құрайды. Жол 1960-1970 жылдары салынған.

Айта кету керек, бұл учаске бұрын су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына кірмеген. Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, жол учаскесі мердігер ұйымның қарауында.

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

Соңғы жаңалықтар