Фото: olympic.kz
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз жұптық сында Италия теннисшісі Элизабетта Коччареттомен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда олар Грузия өкілі Екатерина Горгодзе мен Мексика спортшысы Рената Сарасуадан құралған жұпты үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді. Қорытынды есеп - 3:6, 7:5, 10:7.
Финалға жолдама алу үшін Путинцева мен Коччаретто америкалық Кэтти Макнелли және Дезире Кравчикпен кездеседі.