Фото: Ашық дереккөз
Елдің солтүстік-батысында 4 сәуірде қатты жаңбыр жауады. 5 сәуірде оңтүстік аймақтарда да жауын-шашын болады. Сондай-ақ 5 және 6 сәуірде батыс өңірлерде нөсер күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ал күндіз кейбір аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.
- Батыста – +10...+20 градус жылы;
- Солтүстікте – +15...+20 градус жылы;
- Шығыста ауа температурасы +15...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін көтеріледі.
Еске сала кетейік, «Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі.