Ауа райы • Бүгін, 09:32

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысында да түнде және таңерте тұман болжанған.

Алматы облысының солтүстік және оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Ақтөбе облысында түнде жаңбыр жауады. Өңірдің батысы мен орталығында кей уақытта нөсер жаңбыр, күндіз солтүстікте, шығыста, орталықта жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ, түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең аймақтың батыс, солтүстік, шығысында тұман түседі. Оралды түнде және таңертең тұман басады.

Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады

Түркістан облысында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз оңтүстікте жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысы, орталық және солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысында түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста тұман түседі. 

Павлодар облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыс бөлігінде тұман болады. Жел ауыспалы. Павлодарда да тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыс бөлігінде тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз жаңбыр құяды. Орталықта, солтүстікте, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ал Қызылорда қаласында күндіз найзағай ойнауы ықтимал.

Қостанай облысында күндіз оңтүстікте, батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста, солтүстікте тұман түседі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстікте, батыста желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысында түнде және таңертең солтүстік бөлігінде тұман күтіледі. Жел ауыспалы. Көкшетауда таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысында күндіз батыста найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қарағанды облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман түседі.

Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Орталықта жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Петропавлда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің көтеріліп, су тасып, жолдарды басу қаупі бар.

Жетісу облысында күндіз шығыста, батыста солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады. Солтүстікте, оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында қардың қарқынды еріп, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ақмола облысында жылы күн райынан қар қарқынды еріп, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар