Теннис • Кеше

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Аурангабад қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Яшина жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген. Олар ширек финалда нидерландылық Мелисса Бойден – малайзиялық Эльза Ванды жеңді.

Матч 1 сағат 5 минутта аяқталды. Есеп – 6:1, 6:3.

 Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева мен Екатерина Яшина енді финалға шығу үшін үндістандықтар Чевика Редди Сама – Саумия Рондемен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева бір күнде жекелей және жұптық сында да жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар