Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Құқықтық сауат – уақыт талабы

20 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Алматы облысында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасының аясында «Әділетті қоғам: жастар таңдауы» тақырыбында ауқымды форум өтті. Тағылымды іс-шара жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Форумды өңірлік полиция департаментінің есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі мен жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Облыстағы 500-ден аса жастың басын қосқан іс-шара барысында құқықтық мәдениетті арттыру, заңбұзушылықтардың алдын алу, киберқылмыс, есірткі қылмысы, қаржылық алаяқтық секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту жолдары туралы пікір алмасты.

Форум аясында Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков, Жастар ре­сурс­тық орталығының жетек­шісі Мақсат Кенешев, облыс­тық есірткі­ге қарсы күрес департаментінің қызметкері, подпол­ков­ник Алтын Есболсынқызы, киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкері, полиция майоры Әлібек Арлан­ұлы, сондай-ақ эконо­микалық қауіп­сіздік тақырыбында Меруерт Еркінқызы сөз сөйлеп, аталған қылмыс түрлерінің кө­беюіне байланысты жастарды құқықтық са­уатты болуға шақырды.

«Интернет алаяқтығының алдын алу мақсатында профилак­тикалық іс-шаралар мектептерде, мешіттерде, еңбек ұжымдарында және халық көп жиналатын орындарда өткізіліп, тұрғындарға цифр­лық сауатты арттыру бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп келеді. Сонымен қатар интернет желісіндегі жалған сайттар­ды анықтау мақсатында мониторинг жасалып, оларды бұғат­тау, жедел-іздестіру іс-шара­ла­ры қабылданады. Нәти­жесін­де, өткен жылдың осы мерзімі­мен са­лыстырғанда, интернет же­­­лісі арқылы жасалатын қыл­мыс­­­тардың саны біршама төмен­де­­­гені байқалды. Десе де, алаяқ­тық­­тың өсуіне және әдістерінің күрделенуіне интернет кеңістігінде жа­санды интеллектінің қарқын­ды дамуы негізгі фактор ретінде әсер етіп жатыр», деді Әлібек Арланұлы.

Ол жыл басынан бері интер­неттегі алаяқтыққа қатысты 20 деректің тір­келгенін атап өтті. Сондай-ақ «дроппер» ұғымына тоқталып, өзіне тиесілі банк картасын белгісіз тұлғаға пайдалануға беру немесе өзінің банк картасы арқылы ақша аударымдарын жүргізуге көмек көрсеткені үшін заңды жауап­кершілікке тартылатынын түсін­дірді. Заңға сәйкес дропперге айыппұл салудан бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

ммм

Ал облыстық есірткіге қар­сы күрес департаментінің қыз­меткері Алтын Есболсынқызы бүгінде психотроптық заттар­дың заң­сыз айналымына жас­өспі­рім­дер мен студенттердің тар­тылуы алаңдатарлық жайт еке­нін айтты. Ол өткен жыл­дың қо­рытын­дысында өңірде 223 есірткі қыл­мысы анықталғанын, оның ішінде 71-і нашақорлық заттарын сату болса, 23-і есірткіні аса ірі көлемде сақтау дерегі екенін мәлімдеді. Заңсыз айналымнан 10 тонна 756 кг 586 г нашақорлық заттар алынып тасталған. Өкініштісі, былтыр есірткі құралдарын заңсыз өткізуге қатысы бар 4 кәмелетке толмағандардың ұсталуы ерекше алаңдаушылық тудырса, жыл басынан бері Қарасай ауданында есірткі заттарын жасыру арқылы таратумен айналысқан колледждің кәмелетке толмаған студенті ұсталғанын атай отырып, нашақорлықтың адам өміріне тигізер орасан залалы туралы түсіндіріп өтті.

Полиция подполковнигі Алтын Есболсынқызы әсіресе буы­ны қатпаған жас пен оң-солын танып үлгермеген жасөспірімнің  психо­троптық заттарды заңсыз  таратуға жиі ұрынып қалатынына алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ спикерлер жастар­дың құқықтық санасын арттыру, интернет қауіпсіздігі, қаржылық сауаттылық, зиянды әдеттердің алдын алу бағытында нақты мысал­дар келтіріп, өмірлік тәжіри­белерімен бөлісті. Жастар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, ашық диалог алаңын қалыптастырды.

Қоғамдағы тәртіп пен қауіп­сіздік ең алдымен заңды білуден бас­талады. Әсіресе жастар ара­сын­да құқықтық мәдениетті қалып­тастыру уақыт талабы екені ай­рықша аталды. Заңды білу жауап­кершілікпен қатар әр азамат­тың өз құқығын қорғай отырып, бола­шағына сенімді қадам жасауының кепілі екені баса айтылды.

Форум барысында «Заң мен тәртіп» тақырыбында ұйымдас­тырылған сурет көрмесі өтіп, жас суретшілер өз шығармалары арқылы әділетті қоғам бейнесін көрсетті. Үздік туынды авторлары арнайы Алғысхатпен және сыйлықтармен марапатталды.

Мазмұны терең іс-шара аясында кинолог мамандар есірткіге қарсы күрес басқармасының арнайы қызметтік иттерінің наша­қорларды құрықтау кезін­дегі іс-әрекеттерін сахналық көрсеті­лім арқылы таныстырды. Бұл көрі­ніс жастардың ерекше қызығушы­лығын тудырды.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15