Саясат • Бүгін, 07:58

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті.

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Сурет: primeminister.kz

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту келешегін, сондай-ақ Сауда-экономи­­­калық ынтымақтастық жөніндегі мемлекет­аралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігін талқылады. Екі ел арасындағы негізгі өзара іс-қимыл бағытының бірі агроөнеркәсіп кешені болып қала береді. Кездесу барысында еліміздің бірнеше өңіріндегі сүт шаруашылықтары мен Украина сүт өндірушілері қауымдастығы арасындағы қалыптасқан әріптестік ерекше атап өтілді. Кейінгі жылдары бұл ынтымақтастық асыл тұқымды сүтті мал жеткізу, замана­уи та­уарлы сүт фермаларын басқару, отандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында нақты нәтижелер беріп келеді.

Былтырғы қорытындыда өзара тауар айналымы 415,8 млн дол­ла­р­ға жетіп, өткен жылмен салыс­тыр­­ғанда 5,4 пайызға артқан. Еліміз Украинаға негізінен ферроқорытпа, ты­ңайтқыш, күріш секілді өнімдер экс­­порт­тайды. Ал Украинадан елі­міз­ге шоколад және какао өнімдері, ұн мен кондитерлік бұйымдар, дәрі-дәр­мек, сондай-ақ сүзбе мен ірімшік жеткізіледі.

Кездесу соңында тараптар іскер­лік бай­ланысты жандандыруға, МАК қыз­метін жаңғырту жолдарын қарас­тыруға әрі басым бағыттар бойынша, әсіресе агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15