Фото: scat.kz
2026 жылы әуе компаниясы Шымкенттен Қарағанды, Қостанай, Бішкек, Новосибирск, Санкт-Петербург және Тюмень қалаларына жаңа рейстер ашты, сондай-ақ Астанадан Моңғолия астанасы – Ұлан-Батыр қаласына тікелей рейстерді іске қосты. Жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшақтары осы бағыттарда пайдаланылады.
Сондай-ақ әуе кемелері еліміздің маршруттық желісінің негізгі өсу нүктелерінің біріне айналып келе жатқан Шымкент әуежайы базасындағы хабты дамытуға да тартылады. Шымкентті ірі авиациялық торап ретінде нығайту және ұшу бағыттарын кеңейту жолаушылар үшін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Көлік министрлігі әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.