фото: БҚО полиция департаменті
Үш бала травматология бөліміне жатқызылды, оларға жабық бас ми жарақаты мен контузия диагнозы қойылды. Қалған 21 бала жеңіл жарақаттармен амбулаториялық ем алып жатыр.
«Барлық балаларды дәрігерле қарап шықты. Қажетті диагностикалық тексерулер жүргізілді. Балалардың жасы 7-ден 12-ге дейін», деді аурухананың хирургиялық қызметінің жетекшісі Даурен Кусмаганбетов.
Жарақат алған 20 бала Подстепное ауылының №2 мектеп оқушылары. Қалған төрт бала маршруттық автобус жолаушылары болған.
«Мектеп автобусы бағдаршамда тұрған кезде артынан №12 маршруттық автобус соқтығысты. Мектеп автобусында 20 бала отырды, олардың жанында кезекші мұғалім болды. Мектеп автобусы тарапынан құқықбұзушылық болған жоқ. Барлық балалар травматологиялық пунктке жеткізілді, ата-аналары шақырылды. Барлық балаларға медициналық көмек көрсетілді», деді мектеп директоры Жадыра Турсынова.
Айта кетейік, апат бүгін Теректі ауданының Подстепное ауылы маңында болды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.