Қоғам • Бүгін, 20:35

Астанада «Көктем–2026» шақырылымы жас толымын шығарып салу рәсімі өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Астана қаласының әкімдігі, қалалық Қорғаныс істері департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Көктем–2026» шақырылымы жас толымын шығарып салу рәсімі өтті

21 жас сарбаз ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жол тартты.

Шараға қала әкімдігінің өкілдері, ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы, әскери қызметшілер, ардагерлер, офицерлер, «Жас шекарашы» қозғалысының тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, әскери кафедралардың студенттері, әскерге шақырылушылар және олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шара аясында заманауи әскери киім үлгілері, мемлекеттік шекараны қорғауда қолданылатын техникалық және байланыс құралдары, арнайы бөлімшелердің қару-жарақтары көрсетілді. Сонымен қатар қызметтік иттердің есірткі заттарын анықтау бойынша көрсетілімі ұйымдастырылды.

О

«Отан алдындағы борышымды адал атқаруға дайынмын. Шекарада қызмет ету – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш», деді Әскерге шақырылушы Көбес Дінислам Ерболұлы. 
«Жас сарбаз» әншісі жаһанды мойындатты

Жас толым сарбаздарына ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары генерал-майор Төлеужан Жүнісов, аға ұрпақтың өкілдері, әскери қақтығыстар ардагерлері ақ тілектерін айтты.

О

Аталар мен әжелерден құралған «Есіл толқындары» ансамблі ән шашуын сыйға тартып, болашақ қызметтеріне сәтілік тілеп баталарын берді.

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Бағдарлама концерттік қойылымдармен және қолма-қол ұрыс тәсілдерінің көрсетілімімен жалғасты.

И

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылар мен жастардың жүректерінде отансүйгіштік қасиетін оятып, әскери қызметтің маңызын айқындай түсті.

Соңғы жаңалықтар