Экология • Бүгін, 15:22

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда биыл масалармен күрес барысында дрондар қолданылады. Бұл технология бұрын қолмен өңдеу қиын болған аумақтарды тиімді қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

фото: ашық дереккөз

Жоба аясында бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта екі тендер өткізіліп, мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған соң мердігерлер жұмысқа кіріседі.

Мамандардың айтуынша, дезинсекция жұмыстары негізінен түнде немесе демалыс күндері жүргізіледі. Қауіпсіз препараттар қолданылып, тұрғын үйлермен қатар су айдындары да өңделеді. Атап айтқанда, Жайық өзені, Ерік-Мостовой каналы және булану алаңдары қамтылады.

Дрондар Алматы полициясына қалай көмектеседі?

Сонымен бірге дрондар мен мобильді бригадалар қала маңындағы алты округке де шығады.

Мамандар өткен жылы қаланы екі аймаққа бөліп өңдеу жақсы нәтиже бергенін айтып, биыл бұл тәсіл заманауи технологиялармен жетілдірілетінін жеткізді.

Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон-шоу өтті

Соңғы жаңалықтар