Әлем • Бүгін, 09:49

Пәкістандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пәкістандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты

Табиғи апаттың қысымына шыдамай, тұрғын үйлердің шатырлары мен қабырғалары құлаған. Reuters агенттігінің мәліметінше, тағы 25 адам жарақат алған.

Су тасқыны: Қазақстанның бірнеше өңірінде тасжолдарды су басты

Зардап шеккен аудандарда ондаған ғимарат қирап, тұрғындар үшін уақытша медициналық лагерьлер ашылды. Бес күннен бері толастамай жауған жауынға қарамастан, құтқару операциялары жалғасып жатыр.

Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ

Еске сала кетейік, өткен жылы Пәкістандағы ауқымды су тасқыны салдарынан мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48