Саясат • Бүгін, 07:45

Сенімге негізделген стратегиялық серіктестік

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Еліміздің ЕАЭО төрағалығы шеңберінде Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты, оның ішінде өнеркәсіп кооперациясы, технологиялық даму, кедендік реттеу, экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және басқа да мәселелердің кең ауқымы қаралды.

Сенімге негізделген стратегиялық серіктестік

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырысқа Беларусь Респуб­ликасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттерден – Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасы Премьер-ми­нистрінің орынбасары – сырт­қы сауда және шетелдік и­н­вес­­тициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар қатысты.

Отырысты ашқан Премьер-министр Олжас Бектенов Еура­зиялық экономикалық одақ­тың экономикалық өзара іс-қи­мыл­ды тереңдетуге бағытталған халықаралық ұйым екенін атап өтті. Одақ ЕАЭО елдерінің орнық­ты экономикалық өсуін қам­тамасыз ету үшін өз мақсаттары мен міндеттерін ұдайы жүзеге асырады. Бұл, ең алдымен, тауар­лар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозға­лысын қамтамасыз ететін ортақ нарық­ты қалыптастыруды қамтиды. Со­ны­мен қатар ЕАЭО ұлттық эко­но­микалардың технология­лық жаңаруына, өнеркәсіп коопера­ция­сын дамытуға, мүше мем­ле­кет­тердің әлемдік нарықтағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеп берген басым­дықтарға сәйкес Қазақстан өзінің төрағалығы шеңберінде Одақ қызметінің салаларына жасанды интеллектіні енгізуге, транзиттік әлеуетті ашуға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге, ішкі нарықтағы кедергілерді дәйекті түрде жоюға, сыртқы сауда ынтымақтастығын кеңейтуге баса көңіл бөлуге ниетті.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бері Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарында төрағалық етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүше мемлекеттердің атына Қазақстан төрағалығының негіз­гі басымдықтары көрсетілген үн­деу жолдады. Еліміз өзінің алды­на толыққанды цифрлық ел болу жөнінде стратегиялық міндет қойып отыр. Осы мақсат­та Орталық Азиядағы ең ірі халық­аралық IT-стартаптар техно­паркі саналатын Astana Hub ком­паниясының негізінде заманауи экожүйе қалыптастырды. Білім беруді, ғылыми зерттеулерді және инновациялық жобаларды қолдау бастамасы біріктіретін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Біз ЕАЭО бойынша әріптестермен цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау саласын­да білім мен тәжірибе алмасуға да­йынбыз», деді О.Бектенов.

Премьер-министр кедендік әкімшілендіру, логистика, өнеркәсіп, АӨК сынды тағы да басқа бағыттарда ЖИ-ді пайдалана отырып, ЕАЭО мемлекеттерін зама­науи технологияларға бейім­деудің маңыздылығын атап өтті.

Одақ елдерінің көлік-тран­зиттік әлеуетін толық ашу мақ­сатында ЖИ базасында жүк ағын­дарын үйлестірудің интегра­ция­ланған платформасын құру ұсы­нылды. Бұл жеткізу мерзім­дерін қысқартуға, бизнес шы­ғын­дарын азайтуға әрі еура­зия­лық көлік дәліздерінің бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ветеринарлық және фито­сани­тарлық бақылаудан өтуді растау үдерістерін толығымен электрондық форматқа көшіру өзара саудадағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ЕЭК-ке Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп, қағаз құжат­тарға міндетті түрде мөр­табан қоюдан бас тартуды және үшінші елдермен ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеуді қоса алғанда, осы мәселені жан-жақты пысықтау ұсынылды.

Өнеркәсіп пен АӨК саласында бірлескен кооперациялық жобаларды қолдау тетіктері иннова­циялық бастамаларға, қосылған құны жоғары өндірістерді құруға бағыт­талуы керек. Демон­с­тра­ция­лық орталықтар, стартаптар мен салалық құзыреттілік орта­лықтары арқылы цифрлық шешімдер мен ЖИ-ді пайдалануды ынталандыру қамтамасыз етілуі қажет.

ЕАЭО-ның сөзсіз қағидаты тауарлардың, көрсетілетін қыз­мет­тердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігі болып қалуға тиіс. Комиссия міндет­темелердің сақталуын бақылауда белсенді рөл атқарып, бизнес пен аза­маттардың мүдделерін қор­ғау­да жедел әрекет етуі керек. Со­н­дай-ақ сауда саласында бәсе­кеге қа­білетті ортаны қалыптас­тыру­дың маңыздылығы атап өтілді.

Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, жаңа сыртқы нарықтарға шығуға назар аударылды. Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африка елдері, сондай-ақ беделді өңірлік бірлес­­тіктермен өзара іс-қимыл перспек­тивалы бағыттар деп танылды. Ынтымақтастық экономиканы нығайтуға әрі халықаралық өндірістік тізбектерді дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар отырыс барысында бірқатар мемлекеттердің премьер-министрлері мен ЕАОЭ жанындағы бақылаушы мемлекеттер делегацияларының басшылары сөз сөйледі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысының қоры­тындысы бойынша 12 құ­жатқа қол қойылды. Қабыл­данған шешімдер интеграция­лық үдерістерді одан әрі дамытуға және мүше мемлекеттер эко­номикаларының тұрақ­тылығын нығайтуға бағытталған.

ЕҮАК-ның келесі отырысы биыл 6–7 тамыз күндері Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35