Қоғам • Бүгін, 08:15

Олимпиада жеңімпазы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордалық оқушы Батырхан Мұхтархан экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиадада абсолют­ті жеңімпаз атанды. Астана халықаралық қаржы орта­лығында өткен білім додасының финалдық кезеңіне еліміздің барлық өңірінен іріктелген 115 оқушы қатысып, 50 жүлде сарапқа салынған еді. Сол үздіктер­дің қатарынан суырылып шыққан Батырхан бұл жолы да өзінің алғырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Олимпиада жеңімпазы

Батырхан – Назарбаев зияткер­лік мектебінің 11-сынып оқу­шы­сы. Ол бұған дейін де халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап жүрген дарынды оқушылардың бірі. Атап айтқанда, 2024 жылы Гонконгте өткен Экономикадан халықаралық олимпиадада қола медаль иеленсе, 2025 жылы Әзербайжандағы сайыста алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Грекияда өткен EO-2025 халықаралық олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанып, әлемдік деңгейде мықтылығын көрсетті.

Жас дарынның айтуынша, табысқа жетудің кілті – жүйе­лі дайындық. Ол арнайы оқулықтарды конспектілеу, халықаралық қаржы ма­ман­­дары кең қолданатын CFA жүйесіне сүйену көп көмек­тескенін айтады. Осындай тәсіл күрделі тақырыптарды тереңі­рек түсінуге жол ашқан.

Экономика мен қаржыға қызығушылығы бірден қа­лыптаса қоймаған. Батырхан түр­лі жарыс кезеңінен өтіп, арнайы дайындық орталық­та­рында оқи жүріп, бұл ғы­лым­ның әлемдік маңызды мәселелерге жауап бере алатын ауқымды сала екенін түсінген. Сол сәттен бастап осы бағытқа шындап ден қойған.

Ол өз қатарластарына ағыл­шын тілін жетік меңгеруді, уа­қытты босқа шығындайтын дү­ниелерді шектеуді, білімді жүйелеп оқуды ұсынады.

Абсолютті жеңімпаз атану – екінің біріне бұйыра бермейтін жетістік. Мұндай нәтиже терең біліммен қа­тар, табандылықты, ұдайы ізденісті және бәсекелі ортада шыңдалуды талап ете­ді. Батырхан секілді талап­ты жас­тардың жетістігі өз қатар­ластарына да үлгі. Өйткені білім мен тәртіпті серік еткен жас өрендер ертең ел экономикасын жаңа деңгейге көтеретін буынға айналмақ.

Соңғы жаңалықтар