Оқиға • Бүгін, 19:25

Ақмола облысында жол опырылып түсті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Зеренді ауданында Игілік – Жамантұз тасжолының бір бөлігі опырылып, ауыл тұрғындарының қатынасы уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында жол опырылып түсті

Тұрғындардың айтуынша, жол кеше олардың көз алдында опырылып түскен. Сол сәтте адамдар Көкшетаудан қайтып келе жатқан. Жол жамылғысы бұзыла бастағанын байқап, көліктер дер кезінде тоқтап үлгерген. Соның арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

«Не болуы мүмкін екенін елестетудің өзі қорқынышты. Бұл жол өткен жылдың қазан айында ғана жөнделген еді, бірақ қазірдің өзінде опырылып түсті. Жұмыстар сапасыз жүргізілген деп есептейміз», дейді ауыл тұрғындары.

Зеренді аудандық әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қанай би ауылы арқылы өтетін балама жол бар.

Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен

«Жол шайылған аумақта блок-бекеттер қойылды. Су деңгейі төмендегеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Елді мекенді су басу қаупі жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында», деп хабарлады әкімдік.

Соңғы жаңалықтар