Тергеу мәліметінше, олар әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй ретінде көрсетіп, 70 пәтерлі жатақхананы сатып алған. Іс фигуранттарының бірі ғимаратты қайта рәсімдеп, сыбайласының көмегімен мемлекеттік сатып алуда жеңіске жеткен. Соның салдарынан бюджеттен 672 млн теңге төленген.
Күдіктілердің мүлкі мен қаржыларына 640 млн теңгеден астам сомаға тыйым салынды. Оның ішінде 359 млн теңгені айыпталушылар өз еркімен қайтарған.
Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды 5 жыл, 6 жыл және 6,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
6 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды