Қоғам • Бүгін, 17:51

Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» спутниктік мониторинг жүйесін пайдаланып, іс жүзінде орманмен жабылған, бірақ есепке алынбаған жерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтөбе облысында орман қорының аумағы 30% ұлғайды

Фото: blogeklassa.blogspot.com

Аталған шара нәтижесінде облыстың орман қорының көлемі ұлғайды.

Прокурорлық әрекеттердің арқасында Шалқар ауданында 22 мың гектар, ал Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді. Жерге орналастыру рәсімдері аяқталған соң, аталған аумақтар орман қоры жерлеріне ауыстырылады.

Орманшылар техника алды

Нәтижесінде Ақтөбе облысының орман қорының жалпы аумағы 30% артты, яғни 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғайып, ормандарды қорғау мен сақтау үшін қолайлы жағдай жасалды.

Осылайша, 100 000 гектардан астам орман жері есепке алынды.

Солтүстік Қазақстандағы орман шаруашылықтарына 51 жаңа техника берілді

 

Соңғы жаңалықтар