Фото: Жетісу облысы әкімдігі
Көлік министрлігінің мәліметінше, №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон – 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады. Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.
Қозғалыс күн ара жоспарланып отыр.