Президент • Кеше

Президент Түркістан облысында бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда дерегіне сілтеме жасап.

Президент Түркістан облысында бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті

V

G

G

V

V

B

Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Президенттің өңірге сапары түркі әлемінің ең ұлы рухани әрі тарихи-мәдени қасиетті орындарының бірі — Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етуден басталды. Бұл нысан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.

Кейін Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде Президент Түркістанның бауырлас түркі халықтары үшін қасиетті мекен екенін атап өтті. Сондай-ақ қала қазақ халқының тағдырындағы тарихи рөліне тоқталды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға белсенді қатысқан қазақстандықтарға алғыс білдіріп, жаңа Конституция ең алдымен өсіп келе жатқан ұрпақтың игілігі үшін қабылданғанын айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаған болатын.