Теннис • Кеше

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші айналымына шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open (WTA 1000) турнирінің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Әйелдер теннисі қауымдастығының мәліметінше, Рыбакина қарсыласын екі сетте сенімді түрде жеңді – 6:3, 6:3. WTA ресми парақшасы Еленаның соққылары мен эйстерін ерекше атап өтті.

Елена Рыбакинаның 20 жетістігі

Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 28-орында тұрған украиналық теннисші Марта Костюкпен кездеседі. Ол бұған дейін өзбекстандық Камила Рахимованы жеңген.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турниріндегі нәтижесінен кейін әлемнің екінші ракеткасы атанды.