Әлем • Бүгін, 10:00

Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Ирак Иранмен келіссөз жүргізіп, мұнай танкерлерінің Ормұз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат алуға тырысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?

Bloomberg мәліметінше, қақтығыс басталғанда Ирак Парсы шығанағындағы мұнай өндіруді қысқартуға мәжбүр болған алғашқы елдердің бірі болды. Өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 1,2 млн баррельге дейін төмендеді. Бұған дейін бұл көрсеткіш тәулігіне 4,4 млн баррель шамасында болған.

Өндірістің құлдырауына экспорттың тоқтап қалуы және мұнай қоймаларының тез толып кетуі себеп болған.

Жеткізілімді тұрақтандыру мақсатында Ирак Түркия арқылы экспортты қайта жандандыруға да күш салып жатыр. Атап айтқанда, Киркук – Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалды қалпына келтіру жоспарда бар.

Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы

Соңғы жаңалықтар

«Балуан тас сапары» басталды

Аймақтар • Бүгін, 10:22