Фото: Freepik.com
Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған. Оған негізгі себеп – қалың тұман, көктайғақ және екпінді жел. Кей өңірлерде найзағай соғып, жаңбыр жауса, енді бір аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал.
Бүгін Түркістан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Атырау облысында синоптиктер шаңды дауыл болады деп болжайды. Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті тіршілігіне әсер етуі мүмкін.
Астанада күндіз ауа температурасы +3+5 °C, түнде -8-10 °C шамасында болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматыда күндіз +11+13 °C, түнде +2+4 °C жылы. Қалада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шымкентте күн райы біршама жылы: күндіз +17+19 °C, түнде +5+7 °C. Желдің екпіні 8-13 м/с дейін жетеді.
«Қазгидромет» мәліметінше, 18 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды.