Фото: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 47,8%-ы – Қытайдан, 43,6%-ы – Өзбекстаннан, 2,7%-ы – Түрікменстаннан, 2%-ы – Ресейден, 2,2%-ы – Моңғолиядан және 1,7-ы – басқа елдерден келген.
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары анықталған.
Бұл өңірлерінде 2026 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы – 2 281 адамды құрайды. 2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша аталған өңірлерге – 569 қандас қоныстанды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
- Отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302,8 мың теңге) мөлшерінде төлем;
- тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-30 АЕК (64,9-ден 129,8 мың теңгеге дейін) мөлшерінде төлем беріледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері 139 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп,108 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.