Фото: gov.kz
54 жастағы әкесі 26 жастағы ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.
Арнайы операция барысында анықталған мекенжайдан 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор мен түрлі жабдықтар тәркіленген.
Атырауда есірткі тұтынған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды
«Тәркіленген есірткі көлемі – 600 мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн доллардан асады. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді», деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Осылайша, полиция прекурсорды басқа өңірлерге жібермек болған Ақмола облысы тұрғындарының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды.