Сурет: nege.kz
Ұлттық электронды кітапхананы әлемнің әртүрлі елдеріндегі пайдаланушылар да қолданады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция, Қырғызстан мемлекеттерінен тіркелген оқырман бар.
Кітапхана қорында 64 тілдегі 84 664 құжат сақталған. Оның ішінде түрлі бағыттағы кітаптар, ғылыми мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, ноталар, аудио-бейне материалдар мен архивтік құжаттар бар.
Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпарат ұсынатын тұңғыш мемлекеттік кітапхана порталы. Порталдың ерекшелігі – көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделіп жасалуында болып отыр. Сондай-ақ кез келген пайдаланушы порталға тіркелмей-ақ толық мәтінді құжаттармен таныса алады.