Заң • Бүгін, 14:55

«Жұмысқа орналасуға көмектесемін»: Жетісу облысының тұрғыны танысының атына несие рәсімдеген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Аягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сеніп, жарты миллион теңгеге жуық қарызға батты, деп жазады Egemen.kz.

«Жұмысқа орналасуға көмектесемін»: Жетісу облысының тұрғыны танысының атына несие рәсімдеген

Фото: gov.kz

Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефонын пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген. Осылайша, күдікті жәбірленушіге шамамен 500 мың теңге шығын келтірген.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Ал жәбірленуші атына несие рәсімделгенін кейінірек білген. Полицияға жүгінгеннен кейін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды. Оның әрекеті алаяқтық бабы бойынша сараланды.

Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды

 

Соңғы жаңалықтар