Білім • Бүгін, 17:12

Абай ұлттық мектебіне оқушыларды қабылдау басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Абай ұлттық мектебі 2026-2027 оқу жылына өтініш пен құжат қабылдауды бастады, деп жазады Egemen.kz.

Абай ұлттық мектебіне оқушыларды қабылдау басталды

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дарынды балаларды тіркеу https://qabyldau.daryn.kz/kz/ сайты арқылы онлайн форматта жүргізіліп жатыр.

Тіркеу 15 сәуірде аяқталып, үміткерлер үш пән бойынша арнайы тестілеуге қатысады. Іріктеуден сәтті өткен балалар республикалық мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаты Абай ұлттық мектебіне трансформацияланды.

Трансформациялау тұжырымдамасы негізіне тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне Абайдың «Толық адам» концепциясы енгізілді. Білім беру үрдістері ұлттық құндылықтармен және халықаралық озық тәжірибелермен үйлестіріледі. Мұнда балалардың ғылымға қызығушылығын арттыруға, заманауи технологияларды меңгеруіне, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие бағдарламасы арқылы спорт пен шығармашылыққа баулуға, жан-жақты дамуына жағдай жасалған. Сонымен қатар мектепте бірнеше шет тілін меңгеруге болады. Оқушылар ағылшын тілінен басқа француз, қытай тілдерін оқып үйренеді.

Оқушылар қалай тамақтанады?

Өткен ғасырдың елуінші жылдары іргетасы қаланған білім ордасы жаңа, озық инфрақұрылыммен жабдықталған ғимаратқа көшірілді. 900 орынға арналған оқу ордасының құрылысы 2025 жылдың наурыз айында басталып, тамызда аяқталды. Мектеп аумағында жаңа оқушылар үйі де бой көтерді.

Қазір Абай ұлттық мектебінде еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 351 оқушы білім алып жатыр. Алдағы 2026-2027 оқу жылына 7-сыныпқа оқушылар қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41