Қоғам • Бүгін, 15:47

Жасанды интеллект және кибершабуыл: Дипфейкті шынайы бейнеден қалай ажыратуға болады?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алаяқтар цифрлық технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, азаматтардың жеке деректерін ұрлаудың жаңа тәсілдерін меңгеріп келеді. Соның бірі – дипфейк технологиясы. Мамандардың айтуынша, мұндай әдіс арқылы қаскүнемдер жалған бейне немесе дауыс жасап, адамдарды алдап, банктік шоттарға қол жеткізуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Жасанды интеллект және кибершабуыл: Дипфейкті шынайы бейнеден қалай ажыратуға болады?

Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Дипфейк – жасанды интеллекттің көмегімен өңделген фото, бейне немесе аудио жазба. Бұл технология адамның бет-бейнесін дәлме-дәл жасап, кез келген дауысты немесе қимылды қолдан жасауға мүмкіндік береді. Тіпті кейбір сервистер бір ғана бейне немесе бірнеше секундтық дауыс жазбасы арқылы жалған бейне не аудио дайындай алады.

Мұндай технологияны алаяқтар түрлі мақсатта пайдаланады. Мәселен, олар жалған фото, бейне немесе аудио арқылы банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруы немесе жалған кредит рәсімдеуі мүмкін. Сонымен қатар қайтыс болған адамның деректерін пайдаланып, банктік онлайн-қызметтерге қол жеткізу үшін оның «бейнесін тірілту» жағдайлары да кездеседі.

Тағы бір кең тараған тәсіл – жалған дауыс арқылы қоңырау шалу. Мұндай жағдайда алаяқтар өздерін «туыс», «басшы» немесе «банк қызметкері» ретінде таныстырып, шұғыл әрекет етуді талап етеді.

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді

Мамандардың айтуынша, қаскүнемдер азаматтардың сеніміне кіру үшін мемлекеттік органдар басшыларының, банктер мен қаржы ұйымдары жетекшілерінің бейнесін заңсыз пайдалануы мүмкін.

Дипфейкті анықтауға көмектесетін бірнеше белгі бар. Мысалы, адамның бейнеде табиғи емес жыпылықтауы, сөздердің ретсіз айтылуы, кекештену немесе дауыстың роботқа ұқсап шығуы күмән тудыруы тиіс. Бұған қоса, алаяқтар көбіне адамды асықтырып, «дәл қазір шешу керек» деп қысым жасайды, қайта қоңырау шалуға мүмкіндік бермейді және әңгімені құпия сақтауды талап етеді.

Сондай-ақ қаскүнемдер түрлі инвестициялық онлайн-платформалар арқылы тез табыс табуға шақырып, жалған сайттарда жеке деректерді қалдыруды немесе аз мөлшерде ақша аударуды сұрайды. Мұндай жағдайда СМС-кодтарды, банк картасының деректерін ешкімге жібермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет.

Айта кетейік, егер жақын адамыңыз немесе танысыңыз қоңырау шалып, шұғыл ақша аударуды сұраса, әңгімені тоқтатып, оған өзіңіз қайта хабарласыңыз. Осылайша қоңыраудың шынымен сол адамнан келгеніне көз жеткізуге болады.

ІІМ қазақстандықтарға ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті

Сарапшылар танымал адамдардың бейнесі пайдаланылған жарнамаларға да сақтықпен қарауға кеңес береді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздігін күшейту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде клиенттерге қашықтан қызмет көрсету кезінде екі факторлы аутентификацияны міндетті қолдану және негізгі фактор ретінде биометрияны пайдалану талаптары енгізілген.

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41