Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 440-1-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну) және 434-бабының 2-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылған.
«2026 жылғы 8 наурызда азамат К. Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында ұсталып, тексеру барысында оның медициналық емес мақсатта есірткі заттарын, атап айтқанда, «PVP» (альфа пирролидинопентиофенон), «ТРМ» (метаболиты тропикамида) қолданғаны анықталған. Сондай-ақ, К. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, Атырау облыстық ауруханасында былапыт сөзбен айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған», деп хабарлады аталған соттан.
Құқық бұзушы К.-нің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сауал қою хаттамаларымен, медициналық куәландыру қорытындысымен, бейнежазбалармен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылды. Құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының мінез-құлқы ескеріліп, оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Сот қаулысы заңды күшіне енді.