Egovpress Telegram-арнасының жазуынша, оқиға №51 мектепте болған. Жеті қыз 9-сынып оқушысын ұрып-соққан. Зардап шеккен қыз екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.
Семейдегі оқушылар төбелесі: әлімжеттік жасағандарға үкім шықты
Жамбыл облысының полиция департаменті кінәлілер анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Мектеп оқушыларының ата-аналары кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды», деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 19 жастағы қызға шабуыл жасады деген күдікпен 21 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын хабарлаған едік.