Қоғам • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Йога үйірмесіне қатысатын белсенді әжелер әр бейсенбі сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің спорт нұсқаушысы Эльвира Шамсутдинованың жетекшілігімен зейнеткерлер азық-түлік себеттерін дайындады. Қайырымдылық себетіне ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік түрлері енгізілді.

Ерікті әжелер бұл жолы елорданың шалғай аумағында орналасқан Лесозавод шағын ауданының тұрғындарына көмек көрсетті.

Атап айтқанда, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын отбасыларға көмек көрсетті.

Астанада Наурыз мерекесіне орай 200-ден астам іс-шара өтеді

Өз кезегінде әлеуметтік қиындықтарға тап болған отбасылар волонтер әжелерге жүрекжарды алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Қайырымдылық акциясы зейнеткерлердің қоғамдағы белсенділігі мен мейірімділігінің ерекше көрінісіне айналды.

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41