TV2 телеарнасының хабарлауынша, елдегі күрделі саяси әрі әскери жағдай мұндай ірі турнирге дайындалуға мүмкіндік бермей отыр.
«Көшбасшымыздың қазасынан және елге қарсы жасалған әрекеттерден соң әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігіміз жоқ. Соңғы сегіз-тоғыз ай ішінде Иранға қарсы екі рет соғыс ашылып, салдарынан мыңдаған азаматымыз қаза тапты. Осы жайттардан соң біз әлем чемпионатына қатыса алмаймыз», деді Доньямали.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылдарын жасаған, ал Ислам Республикасы жауап ретінде Израильге, Парсы шығанағы елдеріне және жақын маңдағы басқа мемлекеттерге зымырандар мен ұшқышсыз аппаратарды бағыттаған.