Әлем • Бүгін, 09:15

Әзербайжан Иранмен арадағы жүк тасымалын уақытша тоқтатты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан үкіметі Иранмен шекарада жүк көліктерінің, соның ішінде транзиттік тасымалдың қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің Министрлер кабинеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзербайжан Иранмен арадағы жүк тасымалын уақытша тоқтатты

Еске сала кетейік, кеше аталған аймаққа екі дрон құлап, олардың бірі әуежай терминалына, екіншісі мектеп жанына түскен. Жарылыс салдарынан екі адам зардап шеккен.

Президент Ильхам Әлиев Тегераннан ресми түрде кешірім сұрауды және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. Әзербайжан көшбасшысы ел армиясына кез келген қауіпке лайықты жауап қайтаруға дайын болуды тапсырды.

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді

Өз кезегінде Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы бұл айыптауларды жоққа шығарды. Тегеранның мәлімдеуінше, екі елдің арасына от салу үшін бұл шабуылды үшінші тарап – Израиль ұйымдастыруы мүмкін.

Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады 

Қазіргі уақытта Әзербайжан мен Иран шекарасындағы барлық өткізу бекеттерінде жүк көліктерінің қозғалысы тоқтап тұр. 

Соңғы жаңалықтар