Руханият • Бүгін, 07:55

«Шахматшы Қонжық» – заманауи ертегі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Тәтті ертегі» жобасы аясында жарық көрген «Шахматшы Қонжық» атты балалар кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға педагогтер, ата-аналар, кітапхана өкілдері және жас оқырмандар қатысты.

«Шахматшы Қонжық» – заманауи ертегі

«Шахматшы Қонжық» поэтикалық ертегісі 4-12 жас аралығындағы бала­ларға арналған. Заманауи ертегі бала­ның тілін дамытуға, ойлау қабілетін жетіл­­­ді­руге, эмоциялық мәдениеті мен құн­­ды­лықтарын қалыптастыруға бағыттал­ған.

Жоба авторы, лингва-педагог Лариса Алдабергеннің айтуынша, «Тәтті ертегі» бастамасы 2024 жылы әлеуметтік жоба ретінде дүниеге келген.

«Бұған себеп – бір ғана баланың «Анашым, маған ертегі оқып берші» деген бір ауыз сөзі. Мектептер мен бала­бақшаларды аралап, қандай ертегілер оқылып жатқанын сарала­ғанда, бір байқағанымыз – көптеген туынды шет тілінен аударылған. Осылайша, біз қазақ тілінде жазылған, ұлттық негізі бар жаңа ертегі қажет деген шешімге келдік. Содан соң ақын, журналист Бай­танағали Төлентаевтың 72 шумақтан тұратын осы поэмалық ертегісі назары­мызға ілікті. Ата-аналармен ақылдаса келе, қазақша жазылған жаңа кейіпкер – Қонжықты балалар әдебиетіне енгізуді жөн көрдік», дейді жоба авторы.

Кітап иллюстрациясына алты ай уақыт жұмсалған. Суретші Жансая Дамыс әр кейіпкердің бейнесін бала-ның қабылдауына сай етіп жасағаны көрініп-ақ тұр. Жоба екі жыл бойы сараптамадан, Оқу-ағарту министрлігінің қосымша білім беру департаменті мамандарының талқылауынан өткен. Айта кетейік, бұл бастама «Тәп-тәтті» кондитерлік ұйымының қолдауымен жүзеге асып, кейін жобаға халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Астана қалалық филиалы мен халықаралық түркі тілдес мұғалімдер ұйымы серіктес ретінде қосылған. Бүгінде кітап 30-дан астам білім ұйымында қолданысқа енген. Жоба жетекшісінің айтуынша, Италия мен Германияда осы кітаптың тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр. Ағылшын тіліндегі нұсқасы да дайын көрінеді. Бүгінде «Тәтті ертегі» жобасының айналасында 40-қа жуық педагог пен ерікті топтасқан. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Тәтті кітаптар» сериясын жалғастыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

15 мемлекет қатысады

Референдум • Бүгін, 09:10

Жастар – өзгерістің тың күші

Жастар • Бүгін, 08:53

Табыс неге азайды?

Экономика • Бүгін, 08:48